Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Ол моноқалалардан қоныс аударушылар үшін арналады.
«Жаңа бағдарлама қазақстандықтарды мамандарға мұқтаж, болашағы зор, дамып келе жатқан қалаларға ерікті түрде қоныс аударуға ынталандырады», — деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы өнеркәсіптік моноқала тұрғындарының инженерлік кәсіптерде біліктілігі мен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Бұл «Отбасы банк» жүйесінде бастапқы жарна 10 пайыз және сыйақы ставкасы 2-ден 5 пайызға дейінгі жеңілдіктегі ипотека бағдарламасы болмақ.