Қазақстанда түнгі клубтардың ашылуына рұқсат беріледі

Көңіл көтеретін орындар «жасыл» мәртебесі бар келушілер үшін ашық болады.
Әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша түнгі клубтардың болуына шектеулер қойылады:
— «жасыл» аймақта — 100 адамнан аспауы тиіс;
— «сары» аймақта — 70 адамнан аспауы тиіс;
— «қызыл» аймақта — 50 адамнан аспауы тиіс.
Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3-ке дейін, ал жасыл аймақтағы жүйенің көшбасшы қатысушылары таңғы 5-ке дейін және сары аймақта сәйкесінше сағат 1 мен 3-ке дейін жұмыс жасай алады.