Қазақстанда табылған сақ алтындары Ұлыбритания музейінде көрсетіледі
Жәдігер 2 700 жыл бұрын жерленген көне жауынгерлерге тиесілі.
Шамамен 18 жасында мерт болған сақ жауынгерін кіші туысымен бірге жерлеген. Жартастың опырылуы қабір кешенін тонаушылардан қорғап, оны 2,5 мың жыл бойы алғашқы қалыпта сақтап келген. Жалпы Ұлыбританияның Кембридж қаласындағы Фицуильяма музейінде Шығыс Қазақстан облысында табылған 300 алтын артефакт көрсетіледі. «Ұлы дала алтындары» көрмесі 28 қыркүйекте ашылады.
Дереккөз: Спутник