Қазақстанда Радио қызметкерлері күні пайда болады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығы келе жатқанын айтып, Радио қызметкерлері күнін ресми бекітуді ұсынды.
«Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр. Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын»,
— деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтап, «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті екенін атап өтті.
Дереккөз: Спутник