Қазақстанда алғаш рет ресми түрде Радио күні аталып өтуде
13 тамызда шыққан Үкімет қаулысына сәйкес еліміздің мерекелік күн тізбесі жаңа атаулы датамен толықты. Одан бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екеніне назар аударған еді
Сондықтан мемлекет басшысы Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санайтынын жеткізді. Еске салайық, 1921 жылы Орынбор қаласынан алғаш рет қазақ радиосы хабар таратты. Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды.