Қазақстанда 1-ші сынып оқушылары жаңа пән оқиды

🇰🇿 Новости Казахстана
12.10.2021
Просмотров: 152

Қазақстанда 1-ші сынып оқушылары жаңа пән оқиды! 2022 жылдың қаңтар айынан оқу бағдарламасына алғаш рет «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі.

Бұған дейін үшінші сынып оқушылары «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сабақты оқи бастайтын. Білім және ғылым министрлігінде қазіргі балалар мектепке дейін смартфон мен компьютерлерді пайдаланатынын атап өтті. Сондықтан цифрлық сауаттылық пәнін мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Мектеп бағдарламасы шеңберінде ең танымал Python бағдарламалау тілі оқытылады. Сондай-ақ 5-9 сынып оқушылары 3D-модельдеу мен 3D-принтинг бойынша білім алады.

Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігі 

 

Так же вам может быть интересно