Қазақстан жоғарғы жылдамдықты интернет туралы Илон Маскқа ұсыныс жасады

🇰🇿 Новости Казахстана
16.08.2021
Просмотров: 132

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Негізі Қазақстанды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша келіссөздер наурыз айынан бері жүріп жатыр. Қазір Старлинк баламасы — OneWeb жерүсті станцияның жабдықтарын монтаждай бастады. Илон Маск компаниясына да тестілеуге қатысуға ұсыныс жасалды.

«Естеріңізде болса, мен наурыз айының басында спутниктік интернет бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз деген болатынмын.
Нәтижесінде OneWeb жаңа буынды спутник арқылы интернетті тестілеу үшін жерүсті станциясының жабдықтарын монтаждай бастады (бұл Старлинктің баламасы, геостационарлық емес спутниктер). Илонк Маск компаниясына да тестілеуге қатысуға ұсыныс жасадық. Біз барынша Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып жатырмыз. Тестілеудің барысы жайлы қосымша хабарлап отырамын»,
-деп жазды Мусин.

Еске салайық, Space X және Tesla компанияларының басшысы бүкіл әлемді жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге уәде берген еді.

Так же вам может быть интересно