Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-та банк реттеушісінің басшысы болып тағайындалады
Президент Джо Байден Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізгі реттеушісі, ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) лауазымына тағайындауға ниетті.
Мемлекет басшысы бұл туралы шешімді осы аптада қабылдауы тиіс. Бұл туралы Bloomberg пен The Wall Street Journal агенттіктері хабарлайды. Заң ғылымдарының докторы Сәуле Омарова криптовалютаны сынға алып, үкіметтің банк саласындағы рөлін көшейтуді алға тартқан. Сонымен қатар, ол «банк жүйесін толығымен өзгертуді» көдеп отырғанын айтқан. Айта кету керек, Қазақстан тумасы 1863 жылы құрылған реттеушіні басқаратын алғашқы әйел атануы мүмкін.