Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстерді қайта ашады
4 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Мале бағыты бойынша рейстерді аптасына 4 рет орындайтын болады.
Еске салайық, Қазақстаннан Мальдивке тікелей рейстер былтыр желтоқсанда ашылды. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл мамырдан бастап жұмақ аралдарына тікелей рейстер тоқтатылған еді.
Дереккөз: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі