Қазақстан атынан Junior Eurovision байқауына қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды

🎼 Музыка
08.10.2021
Просмотров: 190

Келесі кезеңге өткен қатысушылардың тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланды.

Ұлттық іріктеудің финалистері онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру бүгін түнгі сағат 12-де басталып, 12 қазанға дейін жалғасады. Қазақстандықтар jevision.khabar.kz сайтында өздеріне ұнаған қатысушыға дауыс бере алады. Жеңімпаз әділқазы алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жас орындаушы Парижде өтетін Халықаралық ән байқауына Қазақстанның атынан қатысатын болады.

Дереккөз: Қазақпарат 

Метки: Junior Eurovision

Так же вам может быть интересно