«Қазақстан аруы — 2021» байқауының тарихында алғаш рет үш жеңімпаз анықталды
«Әлем аруы» байқауында Қазақстан намысын ақтөбелік 23 жастағы Назерке Карманова қорғайды.
Бухгалтер мамандығын меңгерген ару қазір Алматыдағы банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істейді. Байқаудың тағы бір жеңімпазы 21 жастағы Айдана Ахантаева — «Астана аруы — 2021» иегері. Енді Айдана «Ғалам аруы» байқауында Қазақстан атынан шығады. Үшінші жеңімпаз 20 жастағы қарағандылық Анна Глубоковская Қазақстанды «Жер аруы» байқауында таныстыратын болады.
Дереккөз: kaz.tengrinews