Кенияда 98 жастағы әже мектеп партасына отырды
Присцилла Сиетеней бала кезінде білім алуға мүмкіндігі болмағандықтан, өмір бойы оқуын аяқтауды армандап келген. Бірақ қарт оқушының мақсаты тек бұл ғана емес.
Білім алуға деген құштарлығымен өз немерелеріне үлгі көрсеткісі келеді екен. Қазір ол алтыншы сыныпта оқиды. Мұғалімдердің сөзінше, әженің сабаққа деген ынтасы өте жоғары. Кейуана мектеп формасын киіп, тіпті ауладағы дене шынықтыру сабағына да қатысып жүр. Оның болашаққа қойылған мақсаты да бар: аукшер болып жұмыс істеген әже енді дәрігер болғысы келеді. Айте кетсек, ертең Присцилла әже 99 жасқа толады.
Дереккөз: Reuters