Кэмрон Диас 8 жылдан кейін алғаш рет киноға түседі
49 жастағы актрисаны Джейми Фокс көндірген. Танымал әнші әрі актер Диас екеуінің телефон әңгімесінен үзіндісін жарияалады.
Кэмерон мен Фокс Netflix-тің «Іске қайта кірісу» (Back in action) фильмінде түседі. Түсірілімдер биыл басталмақ. Диас пен Фокс бұған дейін «Әр жексенбі» және «Энни» картиналарында бірге ойнаған еді. Еске салсақ, Кэмеронның соңғы фильмі 2014 жылы шыққан еді. Ал 2018 жылы кинодағы мансабының аяқтағанын жариялаған болатын.
Дереккөз: CNN