Қазақстандықтар Оманға тікелей рейспен ұша алады
18 маусымнан бастап «Salam Air» Оман әуекомпаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321″ үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады». Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Дереккөз: ҚР Көлік министрлігі
Фото: Unsplash