Каратеден тұңғыш Олимпиада жүлдегері: Дархан Асаділов қола медальға ие болды

⚽ Спорт
05.08.2021
Просмотров: 179

Жартылай финалдың 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Дархан ел қоржынына жетінші қола медальді салды.

Сонымен қатар, ол каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды. Айта кетейін, бүгін еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, дзюдошы Елдос Сметов, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов ұлттық қоржынға қола медальдарын салды.

Дереккөз: Olympic.kz 

Так же вам может быть интересно