«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

⚽ Спорт
05.11.2021
Просмотров: 159

Мексикалық боксшы журналистердің қойған сұрағына бұл туралы алдымен GGG-дің өзінен білуге кеңес берді.

«GGG-ден 168 фунтқа көтерілуге дайын ба, жоқ па, алдымен осыны сұраңыз. Өз басым кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын»,

— деді Альварес ESPN тілшісі қойған сұраққа.

Еске салайық, Сауль Альварес пен Геннадий Головкин екі жекпе-жек өткізді. Біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде тең нәтижемен, ал бір жылдан кейін өткен жекпе-жек мексикалық боксшының жеңісімен аяқталды.  Қазір «Канело» WBC, WBA мен WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы. Мексикалық боксшы 76,2 келі салмағында өнер көрсетіп жүр. Ал IBF пен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 72,5 келі салмақ санатында күреседі.

Дереккөз: Prosports.kz

Так же вам может быть интересно