Канье Уэсттың жасанды интеллект пен қазақстандықтардың көмегімен түсірген клипі шықты

🎼 Музыка
12.02.2024
Просмотров: 116

Хоррор-видео анонс болмағанның өзінде үш күнде 4 миллионға жуық қаралым жинады. 

Vultures атты трек рэпердің жаңа альбомының дебюттік синглы. Бейнебаянның визуализациясын режиссер Медет Шаяхметовтың жетекшілігімен қазақстандық команда жүзеге асырды. Видеода ортағасырлық рыцарьлық элементтер заманауи интерпретациямен көрсетілген. Каньенің өзі  капюшон, бетперде, қара плащ киген кейіпкер бейнесінде түсті. Клип жасанды интеллект арқылы түсірілген,

«Бір қарағанда қарапайым болып көрінеді, бірақ қалаған нәтижеге жету үшін мыңдаған генерация жасауға тура келді»,

-деп бөлісті қазақстандық режиссер.

Так же вам может быть интересно