Канадада ит пен мысық самокатпен жүріп, Гиннесс рекордтар кітабіна кірді

🌐 В мире
16.09.2021
Просмотров: 207

5 жасар бостондық терьер Лоллипоп пен 7 жастағы Сашими есімді мысық әлемдегі ең тез мысық пен ит жұбы атанды. Олар 5 метрлік қашықтықты 4,37 секундта жүріп өткен.

Үй жануарларының иесі олар самокатта жүруді өздігінен үйренгенін айтты. Басында Лоллипоп пен Сашими самокатты бөлек айдаған. Бірақ бір күні Сашими досының қасына тұрып алған. Олардың жетістігі бүгін шыққан Гиннесс рекордтар кітабының жаңа басылымында орын алды.

Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабінің сайты 

Так же вам может быть интересно