Калифорнияда ең үлкен асқабақтан әлем чемпионаты өтті
Осымен 48-ші мәрте ұйымдастырылып отырған сайыста 62 жастағы Джефф Ульмейер есімді вашингтондық фермер жеңіске жетті.
Шаруаның өсірген асқабағы 985 келіге жетіп, $20 мың көлемде сыйақы алды. Бұл Джеффтің алғашқы жеңісі емес. 2017 жылы вашингтондық фермер үшінші орынды иеленген болатын. Оның айтуынша, алып асқабақты өсірудің ерекше құпиясы жоқ. Бар керегі: жақсы ұрық, құнарлы жер, адал достар мен ынтымақтастық. Айта кетейік, былтыр сайыста жеңіске жеткен асқабақтың салмағы 1057 келіге жеткен еді.
Дереккөз: NBCbayarea
Фото: Weighoff.miramar.com