Итальяндық ауылда 46 тұрғынның 30-ы жергілікті сайлауға тіркелді
2009 жылдан бері Туриннен 65 шақырым жерде орналасақан Ингрия ауылын 42 жастағы Игорь Де Сантис басқарып келеді.
Алдыңғы сайлауда Сантис оңай жеңіске жеткен болатын. Дегенмен, бұл жолы әкімге қиынырақ болатын сияқты. 70 жастағы оппозиционер Ренато Полетто басшы лауазымына таласуға бел буды. Айтпақшы, оның командасында Сантистің анасы бар. Ол кеңесші лауазымына үміткер. Бұл ретте отбасы мүшелері сайлаудағы бәсекелестік олардың жақсы қарым-қатынасына әсер етпейтінін айтты.
Фото: Unspalsh