Италиялық фермер көліктен де ауыр асқабақ өсіріп, рекорд орнатты

🌐 В мире
03.11.2021
Просмотров: 139

Тоскана тұрғыны Стефано Кутрупи өсірген көкөністің салмағы 1226 келі. Гиннесс рекордтар кітабы оны әлемдегі ең үлкен асқабақ деп таныды.

Салыстыра кетсек, бұл шағын Nissan Micra машинасынан да ауыр, немесе шамамен 17 ересек адамның салмағымен тең келеді! Фермердің айтуынша, мұндай алып асқабақты өсіру үшін ерекше күтім қажет: микроклиматты қадағалап, көкөністі уақытылы суарып, қоректі заттармен тыңайту керек.

Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы 

Так же вам может быть интересно