Италиялық дизайнер мамықтың орнына гелиймен толтырылған ұшатын күртке шығарды

👠 Мода и стиль
28.05.2021
Просмотров: 85
helium-10000

Әрине, адам оны киіп алып ұшып кетпейді, бірақ күрткені әуе шары сияқты жіпке байлап, қасында алып жүруге, және шкафқа салмай, ұшып тұрған күйде бөлменің төбесінің астында қалдыруға болады.

Мұның ешқандай практикалық құндылығы жоқ, алайда ашық түсті гелий күрткесін киген адам көпшіліктің арасында ерекше көрінетіні күмән тудырмайды. Сонымен қатар, оны кигенде қант мақтасына оранған секілді жағымды сезімде боласын. Helium-10000 күрткесінің құны – 10 мың доллар. Бір рет үрленген күйде гелий екі аптаға жетеді.

helium-10000 2

Дереккөз: Deezen

 

Так же вам может быть интересно