Италияға көшіп барғандарға 30 000 еуро беріледі
Тоскана аймағының билігі жаңа бағдарламаны іске қосты, оның аясында мұнда көшіп келгендерге 10 мыңнан 30 мың еуроға дейін төленеді.
Билік осылайша таулы аймақтардың қаңырап бос қалу мәселесін шешеміз деп үміттенеді. Грант үйді жөндеу құнының жартысын жабуы керек. Бағдарламаға итальяндықтардың өздері, Еуро Одақ азаматтары, сондай-ақ Еуро Одаққа кемінде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсаты бар елдердің азаматтары қатыса алады. Өтінімдер 27 шілдедеге дейін қабылданады.
Дереккөз: Business Insider
Фото: Unsplash