Италия тұрғыны үйінде 60 жыл бойы ілініп тұрған картина Пикассоға тиесілі екенін анықтады
Луиджи Ло Россо есімді ескі заттарды сатып алушы картинаны 1962 жылы тауып алып, қонақ бөлмесіне іліп қойған.
Жақында оның ұлы Луижи энциклопедияна ақтарып отырып, суретшінің қолы Пикассоныкіне ұқсайтынын байқаған.
«Әкем оны арзанға сатып жіберуі әбден мүмкін еді. Себебі ол Пикассоның кім екенін де білмейді»,
-дейді Луиджинің баласы. Картинада Пикассоның музасы француз суретшісі Дора Маардың бұрмаланған портреті бейнеленген. Өнер туындысы 6 миллион еуроға бағаланып отыр.
Дереккөз: Guardian