Испаниядан кейін Жапония да төрт күндік жұмыс аптасына көшпекші
Мемелекет басшылығы бір ай бойы «үш күндік демалыс жүйесін» тексеріп көреді.
Жұмыс аптасының қысқаруы қызметкерлердің жалақысына әсер етпейді. Демалыс күндерін өз еркімен таңдауға болады. Мемлекет билігі артық демалыс күні пандемиядан зардап шеккен туристтік саланы жандандыруға көмектеседі деп жоспарлап отыр. Айта кетейін, 2019 жылы Microsoft Japan компаниясы эксперимент ретінде төрт күндік жұмыс аптасын енгізген еді. Нәтижесінде қызметкерлердің еңбек өнімділігі 40 пайызға өскен. Ал биыл ақпаннан бастап Испания төрт күндік жұмыс аптасына көшті.