Испанияда жемқорларды дұрыс жолға қою курстары ашылды

🌐 В мире
19.05.2021
Просмотров: 129
испания курсы коррупционер

Жоба мемлекеттің тоғыз түрмелерінде жүзеге асырылады. Оның авторы – психиатр Серхио Руис.

Маман он бір айлық терапия ұрлаудан бас тарта алмайтын жемқор шенеуніктерден адал адам шығарып, қоғамға қайта оралуға көмектесетініне сенімді. Руистің айтуынша, осы уақытқа дейін психиатрлар көбінесе қауіпті қылмыскерлердің психологиясын зерттеп келген. Ал ақ жағалыларды дұрыс жолға салуға аса көңіл бөлмеген. Руис зерттеу жүргізіп, жемқорларға эгоцентризм мен нарциссизм, яғни басқалардан өзін жоғары қою тән екенін анықтаған. Соныдқтан ол ойлап тапқан реабилитация курсында қатысушыларда аяушылық пен қателіктерін мойындау сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.

 

Так же вам может быть интересно