Инсайдер: Альварес-Головкин жекпе-жегінде төрт титул сарапқа салынады

⚽ Спорт
28.01.2022
Просмотров: 111

Белгілі инсайдер Майк Коппинджер ESPN-ге берген сұхбатында жекпе-жек биыл 17 қыркүйекте өтуі мүмкін екенін хабарлады. 

Оның айтуынша, промоутерлерден екі ұсыныс келіп түсті. Алдымен Канело 7 мамырда жартылай ауыр салмақтағы титул иегері Дмитрий Биволмен кездеседі. Ал екінші жекпе-жек — 17 қыркүйекте Альварес пен Головкин арасындағы көптен күткен кездесу. Бұл жолы 168 фунтта Альварестің төрт титулы сарапқа салынады. Еске салайық, Канело мен Головкин екі рет — 2017 және 2018 жылдары кехдесу өткізген еді. Бірінші жекпе-жекте жеңімпаз  анықталған жоқ, ал екіншісінде жеңіс Альвареске бұйырды.

Так же вам может быть интересно