Иманбектің Моргенштернмен жазған трегі жария болды

🎼 Музыка
30.04.2021
Просмотров: 122
иманбек моргенштерн leck

Жаңа туындыны жазуға америкалық рэпер Fetty Wap қатысты.

Leck атты ән бүгін түнде YouTube-та жария болды. Бірнеше сағаттың ішінде ол жарты миллионға жуық қаралым жинады. Еске салайық, Иманбек кресейлік рэпермен трек жазғаны туралы 24 сәуірде Инстаграмдағы сторизде жариялады.

«Бірде америкос, қазақ, еврей жиналған кезде…»,

— деп жазды қазақстандық диджей.  Моргенштерн де желіге видео жүктеп,

«Иманбек, бір аптадан кейін екінші Grammy-ге барамыз»,

— деп жазған еді рэпер. Айта кетейік, жақында Grammy иегері Forbes журналының  «30 жасқа дейінгі ең перспективті 30 ресейлік» тізімінің шорт парағына кірді. Сонымен қатар, Иманбек Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірге Dancing on Dangerous атты трек шығарды.

 

 

Так же вам может быть интересно