Иманбек «Roses» ремиксінен кейін қанша ақша тапқанын айтты

Музыка
06.04.2021
Просмотров: 44

Қазір қазақстандық диджейдің концерті 10 мың еуро тұрады екен.

Иманбек концерттен алған нақты соманы айта алмады, бірақ 10 миллион рубльден артық табыс (шамамен 55 миллион теңге) тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы диджей «По студиям» YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді. Еске салайық, жақында музыкант Дубайда Rolls-Royce-тың жанында түскен фотосымен Инстаграмда бөлісті. «Арман жұмыс. LADA Priora (Imanbek Remix)», — деп жазды ол. Диджей Rolls-Royce – оның Roses трекіне жазған ремиксі тәрізді Lada Priora-ның жаңа нұсқасы деп қалжындаған сияқты.

Так же вам может быть интересно