Илон Масктың итінің құрметіне жаңа криптовалюта шығарылды

🌐 В мире
28.06.2021
Просмотров: 141
Elon Musk Floki

Tesla және Space X компанияларының басшысы желіде тағы да шу шығарды. Ол Twitter-дегі жазылушыларына сиба-ину тұқымдас күшігіне Floki деген есім бергенін хабарлаған.

Твиттің пайда болғанына 9 минут өтпей-ақ, энтузиасттар Floki деген криптовалютаны шығарды, және бекер емес. Бір тәуліктің ішінде оның құны 3500%-ға өсіп, криптовалюта шығарушыларын миллионер етті. Айта кетейік, Илон Масктың бір ауыз сөзі криптовалюта нарығын толқытады. Мысалы, мамырда миллиардер өзіне сиба-ину тұқымдас ит алмақшы екенін айтқанда, Shiba Inu криптовалютасының құны 68% өсті.

Дереккөз: Ferra.ru

Так же вам может быть интересно