Илон Масктың хейтерлері StopElon — «Илонды тоқтатыңдар» атты жаңа криптовалюта шығарды
Анонимді энтузиастар олардың басты мақсаты миллиардерді Марстан да алыс – Плутонға жіберу деп отыр!
Әрине, онысы бола қоймас, бірақ Масктың криптовалюта нарығындағы манипуляцияларына кедергі болуы әбден мүмкін. Еске салайық, жақында миллиардер Tesla электрокарларын биткоинға сатып алуға рұқсат берген еді. Алайда, көп ұзамай Маск криптовалютаның майнингі экологияға нұқсан келтіреді деп, өз айтқанынан айнып қалды. Осыдан кейін биткоинның курсы 15%-ға түсіп кетті. Ал $STOPELON-ға келетін болсақ, оның курсы өсіп келеді. Токеннің болашағы туралы айту әлі ерте, бірақ қалжын ретінде шығарылған Dogecoin-ді еске алсақ, STOPELON-ның перспективалары жаман емес.
Дереккөз: Stopelon.space