Илон Маск ұшақтарды жылдам Wi-Fi-мен қамтамасыз етпекші
Starlink жобасы ұшақтың ішінде жылдам Интернет ұстауға мүмкіндік беретін жаңа өнім шығарады.
Авиациялық байланыс орнату үшін компания арнайы антеннаны құрастырып жатыр. Жылдам Wi-Fi ұшақтарда жақын арада пайда болады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, соңғы үш жылда Space X компаниясы ғарышқа 2 мыңға жуық жерсерігін ұшырды. Бүгінде Starlink қолданушыларын жылдамдығы 100 Мбит/сек Интернетпен қаматамсыз етіп отыр.
Дереккөз: The Verge