Илон Маск Tesla акцияларын сатып, адамзатты аштықтан құтқармақшы

🌐 В мире
01.11.2021
Просмотров: 159
илон маск

Бұған дейін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли Маск өз байлығының 2%-ын қайырымдылыққа берсе, адамзатты аштықтан құтқара алатынын айтқан еді.

«$6 млрд 42 миллион адамды аштықтан құтқара алады. Бұл қиын емес. Мен қайырымдылықты күн сайын жасауды талап етіп отырған жоқпын ғой»,

— деді Бизли. Миллиардер өз кезегінде ақша беруге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ бір шарт бар – ұйым қаржы есептемесін толығымен көрсетіп отыруы керек. «Бұл шарт орындалса, мен дәл қазір акцияларымды сатуға дайынмын,» — деп жазды Маск Twitter-дегі парақшасында. Еске салайық, Tesla мен Space X компанияларының басшысы байлығы $300 млрд-қа жеткен әлемдегі алғашқы адам атанды.

Метки: Tesla Илон Маск

Так же вам может быть интересно