Илон Маск өзіне «тролль королі» лауазымын алды
Tesla және SpaceX компанрияларының басшысының Twitter-дегі аккаунты енді Lorde Edge деп аталады. Ал мекен-жайы ретінде миллиардер Tröllheim деген локацияны белгіледі.
Маск жаңа есімі жайында әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ дегенмен, желі қолданушылары өз ойын айтып үлгерді. Олардың айтуынша, Edgelord деген сленг интернет-тролль дегенді білдіреді. Ал Тролльхейм деген локация бұл ойды растайды. Шынымен де, әлемдегі ең бай адам үнемі ерекше пікір білдіріп жүреді. Бұдан бұрын Маск өзін «технокороль», «Марс императоры» және «Қалпақ сатушысы» деп атаған болатын.
Дереккөз: Forbes