Илон Маск өз итін Twitter-дің бас директоры етіп тағайындады

Миллиардер Флоки есімді сиба-ину тұқымдас итінің бас директор орнында отырған фотосын жүктеп:
«Twitter-дің жаңа бас директоры әлгі жігіттен әлдеқайда жақсы»,
— деген жазба қалдырды.
Маск Флокидің үстіне «бас директор» деген жазуы бар футболка кигізіп қойған. Tesla басшысы ит цифрларды жақсы білетінін, оның бірегей стилі бар екенін айтып, Флокидан өте жақсы басшы шығатынын жеткізген.
Айта кетсек, 2022 жылдың соңында Маск Twitter басшысы орнына келетін ақымақты тапса, өз лауазымынан бас тартанынын айтқан еді.