Илон Маск арманымен бөлісті: Дыбыстан жылдам тік көтерілетін электр ұшақ шығарғым келеді
Tesla және SpaceX компанияларының басшысының арманы тік ұшып, тік қонатын ұшақ шығару екен. Көлік ракетаға ұқсайтын көлік болу керек.
Алайда Масктың қазір бұл жобаны жүзеге асыруға уақыты жоқ екен.
«Егер мен тағы қосымша жұмыс алатын болсам, миым шыдамайтын шығар»,
— деп миллиардер жазды Twitter парақшасында.
Еске салайық, жақында Илон Маск сүйіктісі канадалық әнші Граймспен айыпылысқаны туралы хабарлаған болатын.