Илон Маск 14 жастағы жасөспірімді жұмысқа қабылдады
Кайран Квази есімді жасөспірім Санта-Клара университетінің тарихындағы ең жас түлек және Space X компаниясының жаңа қызметкері.
Кайран 11 жасынан бастап информатика мен инженерияны меңгере бастаған. Себебі мектеп бағдарламасы оған тым оңай болып көрінді. Бос уақытында Кайран ғылыми фантастика және қаржы жайында кітап оқуды ұнатады. Илон Маск жасөспірімді жұмысқа қабылдау шешімі туралы әзірге ештеңе айтқан жоқ.
Фото: Instagram/@thepythonkairan