Хорватияда 60 теңгеге үй ұсынылып жатыр
Тартымды ұсыныстың мақсаты — 2000 тұрғыны бар Леград қаласына жаңа тұрғындарды тарту.
Елді мекен Драва өзенінің бойында орналасқан. Бес үй өз иелерін тауып, үш отбасы жаңа баспаналарына сәтті қоныстанып үлгерді. Үміткерлер бірнеше критерийге сәйкес болуы қажет: жаңа үйді жасы 45-ке толмаған, некеде немесе некесіз серіктесі бар, соттылығы және басқа мүлкі жоқ адам небәрі 13 евроцентке сатып ала алады. Бұл біздің валютаға шаққанда 60-ақ тенге, деп жазады Tengritravel.
Фото: Depositphotos