HBO «Тақтар ойынының» жалғасын түсірмек

Сиквел телехикаядағы басты кейіпкерлердің бірі Джон Сноу туралы болмақ.
Еске салсақ, хикая Кит Харингтонның кейіпкері өзінің шын аты-жөнін біліп, жаңа өмір бастау үшін Вестеростан қуылған жерінен аяқталған еді. Айта кетсек, Джон Сноудың рөлі үшін актер екі рет беделді Эмми сыйлығына номинант болды. «Тақтар ойынынан» кейін Кит Харингтон «Мәңгіліктер» фильміне түсіп үлгерді.
Дереккөз: Hollywood Reporter