Халыққа қызмет көрсету орталықтарының роботтары телефоннан құжат беруді үйренді

🔬 Наука и технологии
23.02.2023
Просмотров: 532

Бірыңғай байланыс орталығының желісінде 24/7 тәулік бойы мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беретін робот іске қосылды.

Робот ең танымал 50 мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес береді. Ол төлқұжат, жеке куәлік, электрондық цифрлық қолтаңба алу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін алу сияқты қызметтерден бөлек, басқа да сұрақтарға жауап береді.

Кезекті брондау үшін нөмірді енгізетін батырмада ЖСН-ды теріп, өзіңізге жақын ХҚКО-ны таңдап, орталыққа келу уақытын ескерту қажет. Оған қоса, робот арқылы анықтама алу үшін телефонға келген SMS хабарламадағы кодты растай отырып, ЖСН енгізу керек. Барлық қадамдар дұрыс орындалағаннан кейін 1414 нөмірінен SMS хабарлама арқылы анықтамаға сілтеме жіберіледі. Сонымен қатар, робот белгілі бір қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімін SMS хабарлама арқылы жолдайды.

Десе де, мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, виртуалды оператордың әлі де кемшілік тұстары бар. Қоңырау шалу барысында робот сізді дұрыс түсінбейтін жағдайлар болуы мүмкін, бірақ оны неғұрлым көп адам қолданса, кеңес беру деңгейі соғұрлым жақсарады.

Дереккөз: Азаматтарға арналған үкімет

Фото: Pexels

 

Так же вам может быть интересно