Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысы 50% -ға өседі

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Сондай-ақ, қызметкерлерді ынталандырудың жүйесі бар. Мәселен, call-орталықтың бір қызметкері 100 өтінім, ал екіншісі 10 өтінім бойынша қызмет көрсетуі мүмкін.
«Осы орайда күніне 100 өтінімді қабылдаған адам басқаларына қарағанда 50 пайыз немесе 100 пайыз жоғары жалақы алады»,
— деді Мусин.
Дереккөз: Stan.kz
Фото: Gov.kz