«Грэмми 2024»: Тейлор Свифт рекорд орнатты, ал Майли Сайрус алғашқы сыйлыққа ие болды
Лос-Анджелесте 66-шы «Грэмми» салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Билли Айлиш «Барби» фильміндегі саундтрек»What Was I Made For?» туындысымен «Жыл әні» номинациясында жеңіске жетті. Майли Сайрус Flowers әні үшін «Жыл жазылымы» атағына ие болды. Танымал әнін орындау кезінде Майли:
«Неге бәрің бұл әнді білмейтіндей кейіп танытасыңдар?! Мен алғашқы Грэммиді жеңіп алдым ғой!
– деп әзілдеді. Тейлор Свифт Midnights альбомымен «Жыл альбомы» номинациясында жеңіп қоймай, рекорд орнатты. Тейлордан басқа ешбір әнші бұл номинацияда төрт рет жеңіске жеткен емес. Салтанатты шара жанжалсыз өткен жоқ. Jay Z жары Бейонсенің «Жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетпейтініне наразылығын білдірді.
https://www.youtube.com/watch?v=gzlpHYXIzdY