Гонконгта жер учаскесі рекордты $7 млрд сатылып жатыр
Виктория айлағының жағалауында орналасқан жер телімінің ауданы 48 мың шаршы метр. Ол қаланың орталығында 88-қабатты Халықаралық қаржы орталығының жанында орналасқан. Және бұл сатылымға қойылған теңізге қарайтын Гонконгтағы соңғы жер учаскесі. Сатып алушы осы жұмада белгілі болады.
Еске салайық, бұдан бұрын ең қымбат жер 2019 жылы $5,4 млрд сатылды. Ол да Гонконгта орналасқан. Айта кетейік, жақында арнайы әкімшілік аймақта әлемдегі ең қымбат көлік тұрағы сатылды. 12 шаршы метрдің құны $1,3 млн құрады.
Дереккөз: South China Morning Post