Головкин-Мурата жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды

⚽ Спорт
03.03.2022
Просмотров: 183

Кездесу 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Бұл туралы спорт журналисті Майк Коппинджер хабарлады.

39 жастағы Геннадий Головкин IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, ал 36 жастағы Риота Мурата WBA Super титулының иегері. Головкин жапониялық боксшыны жеңсе, оның келесі қарсыласы Сауль Канело Альварес болмақ. Мексикалық боксшы да бұл кездесуден бұрын ресейлік Дмитрий Бвиолдан басым түсуі керек. Головкин-Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған.

 

Так же вам может быть интересно