Головкин-Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетіледі

⚽ Спорт
05.04.2022
Просмотров: 165

Бокс кеші 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

Кездесуде бірден үш титул бойынша чемпион белбеуі сарапқа салынады.DAZN трансляциясы бірқатар елде, соның ішінде Қазақстанда болмайды.  Бұған дейін айқасты «Qazaqstan» және Qazsport арналарынан көруге болатыны хабарланған болатын.  «Qazaqstan» арнасының 9 сәуірге арналған телебағдарламасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00 мен 23:00 аралығында бокс көрсетіледі деп жазылған. Головкиннің шығатын уақыты да сонымен тұспа-тұс келеді. Еске салайық,  Геннадий Головкин бұл жекпе-жек үшін $12,3 млн, ал Риота Мурата $4,1 млн гонорар алады.

Дереккөз: Sports.kz

Так же вам может быть интересно