Ғалымдар: Ұйқысы қанбаған адамға айналадағы адамдар сүйкімсіз болып көрінеді

👩‍🔬 Исследования и открытия
08.06.2022
Просмотров: 128

Швед мамандары ондаған әйел мен ер адам қатысуымен тәжірибе өткізген.

Қатысушыларға бір түн сегіз сағат  ұйықтауға рұқсат етілді. Ал екінші түні еріктілер мүлдем ұйықтамай шықты. Ертесіне қатысушыларға әр түрлі адамдардың фотолары көрсетілген. Белгілі болғандай, ұйықтамаған күні тәжірибеге қатысушылар фотодағы адамдарды сүйкімсіз деп тапқан. Ғалымдар бұл тәжірибе жұп іздеп жүрген жандарға көмегін тигізеді деп отыр. Себебі, дәмхана мен барға біреумен танысу үшін барар алдында, жақсылап ұйықтап алған жөн.

Дереккөз: Study Finds 

Так же вам может быть интересно