Ғалымдар тәттілер мен қанттан баст тартудың жолын тапты
Диетологтардың айтуынша, кейде тәттіге құмарлық ағзаға судың жетіспеушілігінен туындайды. Сондықтан, қант қосылған шәй немесе тәтті тоқаштың орнына бір кесе суды ішкен жөн болады.
Сондай-ақ, тәттілерді құрамында ақуызы мол тағамдармен алмастыру қажет. Тәттіден бас тартудың тағы бір әдісі – жүгіру. Мысалы, торт немесе қант қосылған сусын туралы ойлар сізді мазаласа, қысқа уақытқа жүгіріп келу керек. Басында қиын болуы мүмкін, алайда уақыт өте келе, адамның дәм рецепторлары өзгеріп, тәттіге құмарлық басылады. Қазір елдегі қант мәселесін ескерсек, бұл өте пайдалы кеңес.
Дереккөз: The Sun
Фото: Kartinkin.net