Геннадий Головкин келесі жекпе-жекке жаттығуын бастады

⚽ Спорт
08.10.2021
Просмотров: 174

IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион Инстаграмда өз командасымен түскен суретті жариялады.

Головкин жаттықтырушысы Кристофер Камачо, ағасы Максим және проспект-суперорта салмақтағы Әли Ахмедовпен бірге фотоға түскен.

«Жаттығуға оралған керемет. Барлығын аман сау көргеніме қуаныштымын»,

— деп жазды боксшы. GGG-дің келесі жекпе- жегі желтоқсан айының соңында Жапонияда өтеді деп күтілуде. Головкин рингке WBA Super нұсқасы бойынша орташа категориядағы жергілікті әлем чемпионы Риота Муратаға қарсы шығады. Бұл қазақстандық баксшының 2020 жылдың желтоқсанынан бері өткізілетін алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Так же вам может быть интересно