Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

⚽ Спорт
11.04.2022
Просмотров: 302

Қазақстандық боксшы 698 ұпайымен Boxrec.com рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, бірінші орынға шықты.

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес 678.4 ұпаймен екінші сатыда. ТОП үштікті америкалықТеренс Кроуфорд түйіндеді. Еске салайық, өткен сенбіде Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратаны нокаутқа жіберіп, үш титул үшін күресте жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін GGG Муратаға өз шапанын сыйға тартып, қарсыласына чемпиондық белбеуін қайтарып берді.

Так же вам может быть интересно