Гауһар тастан жасалған аяқ киім мен алтын гүл шоғы: Бруней сұлтаны қызын тұрмысқа берді
36 жастағы ханшайым Фадзилла Любабулдың сүйіктісі туралы ақпарат аз. Оның есімі Аванг Абдулла Набиль Махмуд Аль-Хашими. Жергілікті БАҚ жігітті «сымбатты шетел адамы» екенін жазады.
Фадзилла 75 жастағы Бруней сұлтаны Хассанала Болкиах пен стюардессаның қызы. Той кезінде ол бірнеше көйлек ауыстырып, гауһар тастармен көмкерілген аяқ киім киіп, алтын гүлшоғын ұстады. Фадзилладан басқа Бруней сұлтананының 11 баласы бар.